Жүктілік пен босану бойынша әлеуметтік төлемдер тәртібіндегі өзгерістер талқыланды

Жүктілік пен босану бойынша әлеуметтік төлемдер тәртібіндегі өзгерістер талқыланды

                Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Капенова Айгуль Абуталиповнамен жұмыс кездесуі өтті.

                Кездесуде жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және ұсыну тәртібі мәселелері талқыланды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 80 бұйрығымен бекітілген жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударылды.

                Капенова Айгуль Абуталиповна енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ қызметкерлердің заңнама нормаларын іс жүзінде қолдануға байланысты сұрақтарына жауап берді.