Жұмысшы кәсіптер жылы аясында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Қазақстанда жұмысшы кәсіптерінің қарқынды дамуын ескере отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету басым міндеттердің біріне айналуда.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер, өндірістік жарақаттың алдын алу шаралары және жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жайы талқыланды.