Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева Үркен Болатқызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері Қожабергенов Б.Д. және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі Әбісалықов Е.Д. қатысқан семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға еңбек инспекциясының және әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаментінің қызметкерлері қатысты.
Кеңесте іскерлік этика мен қызметтік мінез-құлық қағидаларын сақтау, құмар ойын орындарына баруға тыйым салу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды.
Спикерлер этикалық нормаларды сақтамаудың жауапкершілігін және олардың бұзылуына қатысты нақты мысалдарды қарастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына және антикоррупциялық талаптарды қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметте жоғары моральдық қағидаттарды ұстанудың маңыздылығын атап өтті.