Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Н.Мищенко «Смарт Автобус ПВ» ЖШС Павлодар бөлімшесінің КРУ бақылаушыларымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша» семинарын өткізді.
Кездесу барысында еңбекті қорғау, еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкер-лердің қауіпсіздік техникасын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, қысқы кезеңде (аяқ-қолдардың үсуі, гипотермия, сырғанау), тәуліктің қараңғы уақытында (арнайы шағылыстыратын белдіктер әзірленді және т.б.) қызметкер-лердің жарақаттануының алдын алу тақырыбына және қиылыстар мен автомобиль жолда-рын кесіп өту кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері (ЖКО кезіндегі жарақаттану) тура-лы ерекше назар аударылды, өйткені бақылаушылардың еңбек міндеттерін орындау қоғамдық көлік қозғалысының бағыттары бойынша жүріп-тұрумен байланысты.
Бұл семинар «Смарт Автобус ПВ» ЖШС Павлодар бөлімшесінің бақылаушыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша хабардар болуын арттырудағы міндетті қадам болды, жұмыс берушінің жарақаттанудың алдын алу бойынша кешенді шараларды әзірлеуге ерекше назар аударылды.