«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі бойынша кездесу өтті

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі бойынша кездесу өтті

            «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараны Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы ұйымдастырды.

            Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің өздерінің еңбек құқықтары, еңбек қауіпсіздігі ережелері және жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы хабардарлығын арттыру. Кездесу барысында жарақаттанудың алдын алу шаралары, қауіпсіздік нормаларын сақтау маңыздылығы және еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін құқықтық салдарлар талқыланды.

            Кездесу барысында жұмыс беруші мен ұжым арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің, қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастырудың және еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

                Осындай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпорында жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.