2024 жылдың 24 мамырында «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының кран машинистерімен топтық жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде қызметкерлердің бірінің алған жарақаттары өлімге әкеп соқтырды.
Павлодар облысының еңбек басқармасы құрған комиссиямен арнайы тергеу жүргізіліп, нәтижесінде мыналар анықталды:
Жазатайым оқиғаның мән-жайы-траверс ілгегінің ілінісуінен толық шығу жолында көрсетілген жұмыстардың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы. Нәтижесінде крандардың кабиналарына балқыманың түсуімен шығарынды пайда болды.
Жазатайым оқиғаның себебі-мердігер ұйымның құрылыс жұмыстарын жүргізуін қанағаттанарлықсыз бақылауы.
Кәсіпорынның 100% кінәсі.
Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.