Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде еңбекақы төлеу туралы

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде еңбекақы төлеу туралы

         2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-де Қазақстан Республикасы UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Осы күні түнгі ауысымда еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерде қосымша еңбек сағаты пайда болады.

         Еңбек кодексінің 110-бабына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес.

         Бұл ретте Еңбек кодексінің 103-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерге жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі жұмыс берушінің құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы төленеді, жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген

         Осыған байланысты жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асырып, төлем жүргізуі қажет.