Қазақстандағы Конституция күні-маңызды мемлекеттік мереке. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Конституциясы елдің құқықтық мәртебесінің негізін белгілейді және азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына, оның ішінде еңбек ету құқығына кепілдік береді.
Конституцияда әрбір азаматтың еңбекті еркін таңдау құқығы және оның әділ шарттары бекітілген. Мәжбүрлі еңбектің кез-келген түріне немесе кемсітушілікке тыйым салынады. Конституцияны орындау үшін халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін және қызметкерлердің құқықтарын қорғайтын нормативтік-құқықтық актілер мен әлеуметтік бағдарламалар көзделген.
Қазақстанда Конституция күнін мерекелеу барлығына әрбір азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде еңбек ету құқығын сақтаудың маңыздылығын еске салады және елдегі еңбек қатынастары жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіруді ынталандырады.
Еңбек басқармасы Павлодар облысының барлық тұрғындарын Конституция күнімен құттықтайды!
Сондай-ақ, біздің тату ұжым әріптестерімізді Темірғалиев Қонақбай Шобировичті «Еңбек ардагері» медалімен және Исина Динара Маликовнаны облыс әкімінің алғыс хатпен құттықтайды!