Құрметті Павлодар облысының тұрғындары, Құрбан айт мерекесі жақындап келеді. Осыған байланысты Павлодар облысының еңбек басқармасы Сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтайды!
ҚР Еңбек кодексінің 84–бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылатынын хабарлаймыз. Жұмысшылар үшін бұл қосымша демалыс күнін білдіреді. Ал 2023 жылы Құрбан айт 2023 жылғы 28 маусымға (сәрсенбі) түсетіндіктен, маусымның соңғы аптасында біз келесідей жұмыс істейміз: жұмыс күндері–26-27 маусым, демалыс күндері – 28 маусым, жұмыс күндері – 29 және 30 маусым.
Құрбан айт демалыс күні болғандықтан, егер бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңіне түсетін болса, онда демалыс ауыстырылмайды немесе бір күнге ұзартылмайды. Мысалы, егер қызметкер 2023 жылғы 26 маусым мен 2023 жылғы 25 шілде аралығында 30 күнтізбелік күнге демалысқа шықса, онда ол 2023 жылғы 26 шілдеде жұмысқа шығуы тиіс. Құрбан айттың 2023 жылғы 28 маусымға келетін демалыс күні жыл сайынғы еңбек демалысын 2023 жылғы 26 шілдеге дейін бір күнге ұзартпайды. Құрбан айттың 2023 жылғы 28 маусымға келетін демалыс күні жыл сайынғы еңбек демалысын 2023 жылғы 26 шілдеге дейін бір күнге ұзартпайды. Демек, Құрбан айт мерекесіне түсетін демалыс (7 қаңтардағы православиелік Рождество сияқты) бір ақылы демалыс күнін жоғалтқандықтан тиімді емес.
Бұл ретте, егер жұмыс күні (ауысым) Құрбан-айтқа түскен жағдайда, еңбекке ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс берушінің актісінің талаптарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесін негізге ала отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес мөлшерде жүргізіледі.