Азаматтық қызметкерлерге кімдер жатады?

Азаматтық қызметкерлерге кімдер жатады?

         ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде штаттық лауазымды атқаратын адамдар азаматтық қызметшілер болып табылады.

         Назар аударыңыз! Мемлекеттік кәсіпорындардың барлық қызметкерлері азаматтық қызметшілерге жатпайды. Бұл тек мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерде және бекітілген тізілімдерге сәйкес белгілі бір қызметкерлерге қатысты.

         Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеуді және бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді.

         Мысалы:

         «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №123 бұйрығы

         «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығы

         «Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығы

         «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.

         Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.