Демалыс төлемдерін жоғалтпай, жыл сайынғы еңбек демалысына қалай кетуге болады

Демалыс төлемдерін жоғалтпай, жыл сайынғы еңбек демалысына қалай кетуге болады

         Көптеген жұмыс берушілер жылдың соңына қарай келесі күнтізбелік жылға арналған демалыс кестесін құра бастайды. Демалыс кестесін жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітеді.

         Демалысты жақсы жоспарлау үшін айлар бойынша жұмыс күндерінің нақты санын көрсететін өндіріс күнтізбесін пайдалануды ұсынамыз.

         Жұмыс істемейтін күндер көп болатын айларға назар аудару керек. Егер Сіздің ақылы демалысыңыз осы айларға түссе, онда Сіз айтарлықтай аз аласыз. Тиісінше, демалысты осы кезеңге көбірек жұмыс күндері кіретіндей етіп есептеу керек.

         Сондай-ақ, Құрбан айттың бірінші күні мен 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері екенін және оған жол берілмейтінін ұмытпау керек, сондықтан осы айларда Сіз ақылы демалыстың 1 күнін жоғалтасыз.

         Мысалы, қызметкердің орташа күндік жалақысы 10 000 теңгені құрайды делік. Егер қызметкер 2023 ж. 30 қаңтарынан 22 ақпанға дейін демалыс алса, онда осы демалыс кезеңінде 18 жұмыс күні түседі. Сонда демалыс ақысы 180 000 теңгені (10 000*18 жұмыс күні) құрайды. Егер қызметкер 2023 ж. 02 ақпаннан 25 ақпанына дейінгі кезеңде демалыс алған жағдайда, онда осы кезеңге 17 жұмыс күні келеді. Мұнда демалыс ақысы 170 000 теңгені (10 000*17 жұмыс күні) құрайды.

         Жоғарыда айтылғандардан басқа, сіздердің назарларыңызды жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу кезінде есептік кезеңде жалақы өскен кезде жұмыс беруші өсу коэффициентін қолдануы керек екендігіне аударғымыз келеді.

         Мысалы, қызметкердің жалақысы 2022 ж. қаңтардан маусымға дейін 90 000 теңгені құрады, ал 2022 ж. шілдеде жалақысы 180 000 теңгеге дейін көтерілді. Содан кейін қызметкерге 2023 жылдың қаңтарында демалыс беріледі, содан кейін жұмыс беруші демалысты есептеу үшін орташа жалақыны есептеу кезінде орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелеріне сәйкес жалақыны көтеру коэффициентін қолдана отырып демалыс басталғанға дейінгі 12 айдың соңындағы жалақыны қызметкердің ағымдағы жалақысына теңестіруі керек. Есептеу мысалы суретте көрсетілген.

         Демалысты қажетсіз қиындықсыз өткізу үшін оны алдын-ала жоспарлау керек және бұл түсініктеме Сізге осы мәселеде көмектеседі деп үміттенеміз.