Қазақстан Республикасының еңбек нарығы табысты цифрландырылуда. 2018 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастары туралы деректер сақталатын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасы жұмыс істейді.
Қызметкерлер үшін электрондық үкіметтің жеке кабинетіне кіру мүмкіндігі басым болады (egov.kz), ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты тексеру қарапайым және оңай, ол үшін порталда көрсетілген тәсілдермен авторлану қажет болады, одан кейін электрондық үкіметтің «Жеке кабинетіне» кіру қажет, одан кейін «Еңбек қызметі» бөлімінде кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетіледі. Жеке кабинетте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шарттар бойынша ғана деректер көрсетілетінін атап өту қажет.
Осыған байланысты, порталдағы «Еңбек қызметі» бөлімінде енгізілген шарт туралы ақпарат болмаған жағдайда, Сіз жеке өзіңіз немесе азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген өкіл арқылы «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ-не Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі (egov.kz) немесе пошта байланысы арқылы Астана көшесі 153 мекен-жайына жүгінуге құқылысыз.