Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Әдеп жөніндегі уәкіл департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді

               Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.А.Жұқан департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар мен қызметтік этика талаптарын жұмыс уақытында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да, оның ішінде мереке алдындағы және мереке күндері де сақтауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу түсіндірілді.

               Мұндай іс-шараларды өткізу қызметтік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және Мемлекеттік қызметке деген сенімді сақтауға бағытталған.