Қоғамдық тамақтану өкілдерімен кездесу

Қоғамдық тамақтану өкілдерімен кездесу

            Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында Павлодар облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы А.К. Капановтың қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының өкілдерімен кездесуі өтті.

            Кездесу барысында еңбек шарттарын міндетті түрде жасасу, кәмелетке толмағандарды еңбекке тарту кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері түсіндірілді.

            Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

            Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өкілі қатысушыларды жазғы кезеңде, ыстық ауа райын ескере отырып, тамақ өнімдерін сақтау талаптары туралы хабардар етті.