Департаментте қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мәселелері талқыланды

Департаментте қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтар мәселелері талқыланды

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінде қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.О. Қабдыуахитовпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары мен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы, құмар ойындарға қатысудан және ойын мекемелеріне барудан бас тартуы мәселелері қаралды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның ішінде заңсыз сыйақы алуға тыйым салу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жүруіне, сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқаруына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы негізгі жаңашылдықтар туралы ақпарат жеткізілді.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.