Кәмелетке толмағандарды жазғы кезеңде жұмыспен қамту: жұмыс берушілер мен ата-аналар нені білуі керек

Кәмелетке толмағандарды жазғы кезеңде жұмыспен қамту: жұмыс берушілер мен ата-аналар нені білуі керек

          Жазғы демалыс кезеңінің жақындауына байланысты көптеген жасөспірімдер алғашқы еңбек тәжірибесін алуды жоспарлайды. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру кезінде еңбек заңнамасының негізгі талаптарын еске саламыз.

          Жас шектеулері:
          ▪ 16 жастан бастап - еңбек шартын өз бетінше жасасуға жол беріледі;
          ▪ 15 жастан бастап - негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен;
          ▪ 14 жастан бастап - денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты оқудан бос уақытында ата-анасының, қамқоршысының немесе асырап алушысының біреуінің келісімімен орындауға жол беріледі.

          Кәмелетке толмағандарды жұмысқа тарту кезіндегі шектеулер:
          ▪ түнгі уақыттағы, үстеме жұмыстарға, сондай-ақ демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға тартуға тыйым салынады;
          ▪ зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарды орындауға жол берілмейді;
          ▪ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасасуға тыйым салынады.

          Жұмыс уақытының ұзақтығы:
          ▪ 14 пен 16 жас аралығы - аптасына 24 сағаттан аспайды;
          ▪ 16 мен 18 жас аралығы - аптасына 36 сағаттан аспайды.

          Жұмыс беруші міндетті:
          ▪ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
          ▪ қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға;
          ▪ жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеуге;
          ▪ кәмелетке толмаған жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеуге.

          Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіз еңбек етуіне және алғашқы пайдалы еңбек тәжірибесін алуына мүмкіндік береді.