Жер жұмыстары: қауіпсіздік – ең басты талап

Жер жұмыстары: қауіпсіздік – ең басты талап

            Жылы кезеңнің басталуымен жөндеу, құрылыс және жер жұмыстарын жүргізу белсенді түрде басталады. Осыған байланысты қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі артады.

Жер жұмыстары жоғары қауіпті жұмыстар қатарына жатады. Мұндай жұмыстар кезінде қазаншұңқырлар мен орлардың қабырғаларының опырылуы, жұмысшылардың құлауы, жерасты коммуникацияларының зақымдануы, электр тогымен зақымдану, сондай-ақ газдың әсеріне ұшырау қаупі жоғары.

            Аталған талаптарға әсіресе нормативтік талаптарды жеткілікті деңгейде білмеу салдарынан қауіпсіздік талаптарының бұзылуы жиі кездесетін шағын және микробизнес субъектілері ерекше назар аударуы қажет.

            Тіреусіз қазылған ойықтардың рұқсат етілетін тереңдігі:

• 1 м дейін — үйінді, құмды және ірі сынықты топырақтарда;
• 1,25 м дейін — құмдақ топырақта;
• 1,5 м дейін — саздақ және саз топырақтарда.

            Көрсетілген тереңдіктен асқан жағдайда ойық қабырғаларын бекіту немесе еңістер жасау міндетті.

            Тереңдігі 2 метрден асатын жер жұмыстары жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуі тиіс.

            Жұмыстарды ерекше жағдайларда жүргізуге тек суды бұру, топырақты құрғату және ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 талаптарын сақтау кезінде ғана жол беріледі.

            Департамент ескертеді: жер жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

            Қауіпсіздік талаптарын сақтау — қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.