
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек заңнамасының сақталуы мәселелеріне арналған телевизиялық эфирге қатысты.
Эфир барысында өңірдегі өндірістік жарақаттану бойынша өзекті мәліметтер айтылып, өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары қабылдап жатқан шаралар қарастырылды.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, профилактика мәселелеріне, кәсіби тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге және «Vision Zero» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар эфир барысында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері және Департаменттің еңбек заңнамасының сақталуын бақылау саласында жүргізіп жатқан жұмыстары бойынша түсіндірмелер берілді.