Өндірістік қауіпсіздік: МАЭС-1 алаңындағы форум

Өндірістік қауіпсіздік: МАЭС-1 алаңындағы форум

          Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің өкілдері Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС алаңында өткен өндірістік қауіпсіздік жөніндегі форумға қатысты.

          Форум аясында мемлекеттік еңбек инспекторы, еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Баяхметова К.Т. баяндама жасады. Баяндама барысында 2026 жыл бойынша өндірістік жарақаттану жөніндегі өзекті статистикалық деректер ұсынылып, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы жаңашылдықтар қарастырылды.

          Форум тәжірибе алмасу және өндірістік тәуекелдерді төмендету мен қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша бірлескен тәсілдерді қалыптастыру алаңына айналды.