Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы KIOSH 2026 конференциясына қатысты

Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы KIOSH 2026 конференциясына қатысты

               Павлодар облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А.К. Капанов 2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Астана қаласында өткен еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі KIOSH 2026 халықаралық конференциясы мен көрмесіне қатысты.

               Конференция бағдарламасы аясында А. Капанов «Жасанды интеллект: Қазақстан қауіпсіздіктің жаңа моделін қалай қалыптастырып жатыр» тақырыбындағы стратегиялық пленарлық сессияда сөз сөйледі.

               Өз сөзінде ол өңірлік деңгейде еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқық қолдану тәжірибесінің жүйелі мәселелерін шешуде цифрлық аналитиканың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ өндірістік тәуекелдердің алдын алу және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетудегі заманауи технологиялардың рөлін ерекше көрсетті.

               Конференцияға қатысу халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасуға, еңбек қауіпсіздігін цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесін жетілдірудің алдағы бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.