
Enbek депутаттық тобының отырысында еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері қаралды.
Отырыс барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті жүргізіліп жатқан жұмыстар, ағымдағы жағдай және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған бағыттағы жүйелі жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау бағытына басымдық бере отырып жалғасатын болады.