Павлодар облысында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында кәсіпорындардың техникалық басшыларымен кездесу өткізілді

Павлодар облысында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында кәсіпорындардың техникалық басшыларымен кездесу өткізілді

          Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірдің ірі кәсіпорындарының бас техникалық басшыларымен «Майкаинзолото» АҚ аумағында кездесу ұйымдастырды.

          Іс-шара қаза тапқан құтқарушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталып, олардың рухына тағзым ету белгісі ретінде өтті.

          Кездесу барысында қатысушылар Майкаин жерасты кенішінің өндірістік қызметімен танысып, сондай-ақ кәсіпорында жүзеге асырылып жатқан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы іс-шаралармен, оның ішінде кәсіби тәуекелдерді басқару және өндірістік жарақаттанудың алдын алу тәсілдерімен танысты.

          Өткізілген кездесу ашық диалог алаңына айналды – қатысушылар сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқылап, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету саласындағы тиімді тәжірибелерімен алмасты.

          Іс-шара соңында қауіпсіз өндірістік ортаны қалыптастыруға үлес қосқан үздік кәсіпорындар мен еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерді марапаттау рәсімі өтті.