
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Сабыров Аблай Павлодар облыстық «Saryarqa samaly» газетінің ресми парақшасында өткен тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир барысында еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды. Еңбек заңнамасы талаптарының сақталу практикасына, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік органдар тарапынан қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.
Аудиториямен тікелей байланыс барысында еңбек қатынастарын ресімдеу, жұмыс берушілердің жауапкершілігі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
Тікелей эфирдің жазбасын келесі сілтеме арқылы көруге болады.