
Павлодар қаласы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырысқа жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының өкілдері, сондай-ақ жұмыс берушілер қатысты.
Отырыс барысында мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасының сақталуының өзекті мәселелері бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, жұмыс берушілердің еңбек шарттарын, оның ішінде шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттарын Бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесінде (ЕСУТД) міндетті түрде жасасуы және тіркеуі мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, ұжымдық шарттарды цифрландыру, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды уақтылы аудару мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге және жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар әзірленді.