Торайғыров университетінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша түсіндіру

Торайғыров университетінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі бойынша түсіндіру

Торайгыров университет КЕАҚ қызметкерлерімен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы Департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы З.Б. Сансызбайдың қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне мәліметтерді енгізу мәселелері, еңбек шарттарын рәсімдеу және тоқтату кезіндегі жиі кездесетін қателіктер талқыланып, еңбек заңнамасын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.