Баянауыл ауданында аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Баянауыл ауданында аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті

Баянауыл ауданында аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпованың төрағалығымен қала және ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан аудандық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына онлайн форматта мемлекеттік еңбек инспекторы қатысты.

Отырыс барысында кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде «Майкубен-Вест» АҚ және «Майкаинзолото» АҚ кәсіпорындарында, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары қаралды.

Жазғы демалыс кезеңінде 9–10 сынып оқушылары үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы талқыланды. Жұмыс берушілерге еңбек қатынастарын міндетті түрде ресімдеу және шарттарды hr.enbek.kz порталы арқылы тіркеу қажеттілігі түсіндірілді.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.