
2026 жылғы 12 наурыздан бастап enbek.kz платформасындағы ЕСУТД (Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі) жүйесінде жұмыс істеу кезінде бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
Негізі — 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 257-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы.
Енді келесі бұзушылықтар үшін айыппұлдар қарастырылған:
* ЕСУТД жүйесіне мәліметтерді енгізбеу немесе уақытылы енгізбеу
* мәліметтерді толық көлемде енгізбеу
* дұрыс емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат енгізу
Айыппұл мөлшері:
* лауазымды тұлғаларға — 30 АЕК
* шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 60 АЕК
* орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 80 АЕК
* ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 150 АЕК
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап бұзушылық жасалған жағдайда айыппұл мөлшері ұлғайтылады.
Жұмыс берушілерге айыппұл санкцияларына жол бермеу үшін enbek.kz жүйесіне мәліметтерді уақтылы енгізіп, олардың дұрыстығын тексеру ұсынылады.