
2026 жылғы 31 наурызда департамент қызметкерлері арасында семинар форматында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру бөлімінің лекторы Кульжибаев С.К. мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу мәселелерін, сондай-ақ мұндай ұйымдардың теріс ықпалы туралы баяндады.
Семинар барысында діни қауіпсіздік мәселелеріне, мемлекеттік қызметтің зайырлылық қағидаттарын сақтауға, діни сенімдерді таңуға жол бермеуге, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салуға ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыруға және деструктивті идеологияларға қарсы тұрақтылықты қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар берілді.