Көктөбеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті

Көктөбеде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өтті

Май ауданының Көктөбе ауылында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының алаңында мемлекеттік еңбек инспекторы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау, қауіпсіздік техникасы, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті ашу және жүргізу мәселелері қаралды.

Қатысушыларға еңбек қатынастарын рәсімдеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.