
Мемлекеттік еңбек инспекциясы ГРЭС-2 ұйымының кәсіподақ төрағасымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, жұмыс орындарын аттестаттауға байланысты мәселелер, сондай-ақ еңбек заңнамасын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар еңбек саласындағы заңнама талаптарын сақтау және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.