Екібастұзда өткен кездесуде қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Екібастұзда өткен кездесуде қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері қаралды

Екібастұз қаласында «Railways Systems KZ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А.К. Капанов және Екібастұз қаласының прокуроры Қ.С. Атығаев қатысты. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын алды.