«Елге қызмет» бағдарламасында еңбек заңнамасы түсіндірілді

«Елге қызмет» бағдарламасында еңбек заңнамасы түсіндірілді

Павлодар облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А. Капанов Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті ұйымдастырған «Елге қызмет» телевизиялық бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама барысында жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін сақтау, сондай-ақ қызметкерлерді үстеме жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тарту тәртібі мәселелері талқыланды.

Аскар Капанов аталған бағыттағы еңбек заңнамасының негізгі нормаларын түсіндіріп, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін атап өтті.

Сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер Еңбек инспекциясы департаментіне жүгіне алатыны атап өтілді. Департамент еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізуде.