Павлодарда өткен семинарда әкімшілік сот ісін жүргізу мәселелері талқыланды

Павлодарда өткен семинарда әкімшілік сот ісін жүргізу мәселелері талқыланды

            Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіндегі өзгерістерді ескере отырып, Әкімшілік сот ісін қолдану және дамыту мәселелеріне арналған Павлодар облыстық соты ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты.

            Кездесу барысында заңнамадағы негізгі өзгерістер, істерді қараудың ақылға қонымды мерзімдерін сақтау, дауларды сотқа дейін реттеу және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері талқыланды.

            Семинар кәсіби пікір алмасу және әкімшілік сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау үшін пайдалы алаңға айналды.