Еңбек ұжымымен кездесу

Еңбек ұжымымен кездесу

          Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А. Капанов «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР еңбек заңнамасының нормалары, сондай-ақ өндірісте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

          Кәсіпорын қызметкерлері еңбек құқықтары мен еңбек жағдайларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

          Осындай кездесулер еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.