Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындыларын шығарды.
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 223 өтінішін қарады, оның ішінде 202 - еңбек қатынастары мәселелері бойынша.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде 48 тексеріс жүргізілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 17% - ға артық (40 тексеріс). Тексеріс нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының 55 бұзушылығы анықталды. Жұмыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 29 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 8,7 млн теңгеге 19 әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында өндірісте 8 жазатайым оқиға тіркелді, 8 зардап шеккендер, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен (9 зардап шеккен). Өліммен аяқталған зардап шеккендер – 1 адам, топтық жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ.
Департамент еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда.