Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті 2026 жылғы қаңтар айының қорытындыларын шығарды.
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары азаматтардың 98 өтінішін қарады, оның ішінде 95-і еңбек қатынастары мәселелері бойынша.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде 15 тексеру жүргізілді, бұл көрсеткіш 2025 жылғы қаңтар айының деңгейіне сәйкес келеді. Тексеру нәтижесінде еңбек заңнамасы талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Жұмыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 9 нұсқама берілді. Жалпы сомасы 1,1 млн теңгеге 6 әкімшілік айыппұл салынды.
2026 жылғы қаңтарда өндірісте 1 жазатайым оқиға тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен (2 зардап шеккен). Өліммен аяқталған және топтық жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ.
Департамент еңбек құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының бұзылуын болдырмау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда.