Еңбек шарттарын есепке алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы

Еңбек шарттарын есепке алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы

          Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшыс, А.Капанов «ERTIS» облыстық телеарнасының «1 студия» бағдарламасына қатысты.

          Телевизиялық сұхбат барысында жұмыс берушілердің еңбек шарттары туралы мәліметтерді Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСЕБЖ) енгізбеуіне байланысты жауапкершілікке қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

          Сонымен қатар азаматтардың еңбек құқықтарының конституциялық кепілдіктері, оның ішінде еңбек ету құқығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және заңсыз жұмыстан босатудан қорғау мәселелері қозғалды.

          Еңбек шарттарын ақпараттық жүйеде міндетті тіркеу, мәліметтерді енгізу мерзімдері және белгіленген талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.

          Еңбек шарттары туралы мәліметтерді ЕСЕБЖ-ге уақтылы енгізу еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және бейресми жұмыспен қамтуды болдырмауға ықпал ететіні атап өтілді.

          Бағдарламаның толық шығарылымын сілтеме арқылы көре аласыздар.