Астанада өткен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

Астанада өткен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы

          2026 жылғы 24 ақпанда Астана қаласында А. Балаева төрағалығымен 2025 жылғы жұмыс қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А. Қапанов қатысты.

          Павлодар облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы А. Қапанов өңірде өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

          Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне 2026 жылға арналған басым міндеттер айқындалды. Олар еңбек құқықтарын қорғауға, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған.