
Ауа температурасының ауытқуына байланысты күндіз қар мен мұз еріп, түнде және таңертең температураның күрт төмендеуі байқалса, тротуарларда, жаяу жүргіншілер жолдарында және жолдарда көктайғақ пайда болады, бұл жарақат алу қаупін едәуір арттырады.
Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ қызметкерлерге сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз. Жұмыс берушілер қызметкерлердің ұйым аумағы мен оған іргелес жаяу жүргіншілер аймақтары бойынша қауіпсіз қозғалысын қоса алғанда, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Жарақат алу қаупін азайтуға көмектесетін қарапайым ережелер:
Егер жұмыс беруші қызметкерлердің кәсіпорын аумағы бойынша және жұмыс орындарына өту орындарында қауіпсіз жүріп-тұруын қоса алғанда, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпесе, сіз мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшесіне жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Өзіңізді сақтаңыз және температураның күрт өзгеруі мен көктайғақ кезеңінде мұқият болыңыз!