
2025 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ф.А.Жұқан департамент қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар мен қызметтік этика талаптарын жұмыс уақытында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да, оның ішінде мереке алдындағы және мереке күндері де сақтауға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, оның ішінде Интернет желісі арқылы қатысуға тыйым салуды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік жағдайды жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметтік тәртіпті нығайтуға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және Мемлекеттік қызметке деген сенімді сақтауға бағытталған.