Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту

          Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде департамент қызметкерлері үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Іс-шараға Павлодар қаласы әкімшілік полициясының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Каирбеков Е.Е. қатысып, жол қозғалысы ережелерін бұзудың, алкогольдік, есірткілік немесе токсикомандық масаңдық жағдайында көлік басқарудың заңнамалық жауапкершілігін түсіндірді.

          Сонымен қатар, қызметкерлерге тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау, қызметтік мінез-құлық мәдениеті және іскерлік этика нормаларын сақтау талаптары жеткізілді. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.