Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу

Қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу

         Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

          Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.Ө. Қабдыуахитов қатысып, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік этика талаптары мен ресми мінез-құлық қағидаларын, сондай-ақ ойын мекемелерге барудан және құмар ойындарға қатысудан бас тарту мәселелерін түсіндірді.

          Аталған түсіндіру жұмысы қызметтік әдеп талаптарын бұзудың алдын алуға және мемлекеттік қызметте адал әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.