
2025 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек инспекциясы жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу тақырыбында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесудің спикері – Омар әл-Фарук мешітінің имамы деструктивті діни ағымдардың белгілері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарту әдістері, діни сауаттылық пен сыни ойлаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берді.
Қатысушыларға діни қауіпсіздікті күшейту, ақпарат көздерін мұқият таңдау және діни қызмет саласындағы заңнаманы қатаң сақтау жөнінде ұсыныстар берілді.