
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті «Богатырь Комир» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы – өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселесі болды.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау талаптарын сақтау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды.
Мұндай іс-шаралар жазатайым оқиғалардың алдын алуға, олардың салдарын барынша азайтуға және өңір кәсіпорындарындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.