Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты

          Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысып, шара Достық үйінде өтті.

          Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету. Іс-шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, құқық саласындағы жетекші сарапшылар әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді.

          Департамент басшысы қатысушыларға еңбек заңнамасына қатысты сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау тәртібі мен қолданыстағы нормаларды баяндады.

          Акцияның ұйымдастырушылары: ҚР Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ ақпараттық ресурстар – «Параграф», Zakon.kz және ProSud.kz.

          Осындай іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға және қоғамның құқықтық санасын көтеруге ықпал етеді.