Департамент сақтандыру ұйымдарымен қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кездесу өткізді

Департамент сақтандыру ұйымдарымен қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша кездесу өткізді

            Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті сақтандыру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

            Кездесуде талқылаудың негізгі тақырыбы жұмыскерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алатын жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі болды.

            Міндетті сақтандыру шарты өндірістегі жазатайым оқиға туындаған жағдайда жұмыскерлердің әлеуметтік және қаржылық қорғалуының негізгі кепілі болып табылады. Әрбір жұмыс беруші Қазақстан Республикасында жұмыскерлердің санына қарамастан, олардың барлығына міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті.

            Жұмыскерлерді міндетті сақтандыру шартының болмауы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 230-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, оған сәйкес 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл салу көзделген.

            Ағымдағы жылы міндетті сақтандыру шартын жасамағаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы сомасы 9 358 160 теңге болатын 9 әкімшілік айыппұл салынды.

            Кездесу барысында жұмыс берушілер мен сақтандыру ұйымдарының өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және міндетті сақтандыру шарты жоқ тұлғаларды анықтау мен жауапкершілікке тарту бойынша жоспарланған іс-шаралар талқыланды.