
2025 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімі прокурорының және мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді, онда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарау тәртібін реттейтін заңнаманың талаптары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыстың мақсаты – ӘРПК нормаларының біркелкі және дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде қызметкерлердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.