«ҚАЗАҚСТАНПРОЕКТ» Қазақстандық жобалау-зерттеу институтымен танысу сапары

«ҚАЗАҚСТАНПРОЕКТ» Қазақстандық жобалау-зерттеу институтымен танысу сапары

Еңбек инспекциясы үшін «ҚАЗАҚСТАНПРОЕКТ» Қазақстандық жобалау-зерттеу институты базасында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында институт мамандары жұмыс орындарын аттестаттау тәртібімен және еңбек жағдайларының санитарлық-гигиеналық зерттеулерімен таныстырды. Сондай-ақ шудың, дірілдің, микроклиматтың және өндірістік ортаның басқа да факторларының деңгейін өлшеудің зертханалық-аспаптық әдістері көрсетілді.

Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға ықпал етіп, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.