Павлодар облысы бойынша Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті аккредиттелген сынақ зертханаларының басшыларымен кездесу өткізді:
- «Промсервис-Отан» ЖШС (санитарлық-профилактикалық зертхана),
- «ЦПО Кайсар» ЖШС,
- «Казахстанский проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС,
- «Региональный Научно-Практический Центр «Система» ЖШС.
Кездесуде негізгі тақырып ретінде еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын түсіндіру қаралды.
Зертхана басшыларына заңнамадағы өзекті өзгерістер түсіндіріліп, өңірдегі жұмыс берушілермен одан әрі өзара іс-қимылды жолға қою бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша, жұмыс орындарын сапалы аттестаттау жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және өндірістік жарақаттанудың алдын алудың маңызды құралы екені атап өтілді.