Нөсерлі канализация құдықтарын тазалау кезіндегі еңбекті қорғау және жарақаттанудың алдын алу

Нөсерлі канализация құдықтарын тазалау кезіндегі еңбекті қорғау және жарақаттанудың алдын алу

          Павлодар облысы бойынша еңбек инспекциясы департаменті «Шаруашылық бірлестігі САЙ» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

          Кездесу барысында нөсерлі канализация құдықтарын тазалау кезіндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелері қаралды.

          Қызметкерлер мен жұмыс берушіге мынадай талаптарды сақтау қажеттілігі түсіндірілді: жабық кеңістікте жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, жұмыстарды жүргізуге наряд-рұқсат ресімдеу, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (каска, қорғаныш көзілдірігі, арнайы киім, сақтандырғыш белдік, сумен жұмыс істеген кезде оқшаулағыш құралдар), қолданылатын жабдықтар мен құралдардың техникалық жай-күйін бақылау, жауапты тұлғалар тарапынан өндірістік бақылауды тұрақты ұйымдастыру, қызметкерлерге жүйелі түрде нұсқаулық өткізу және оларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту.

          Сонымен қатар, жұмыс берушіге бұл жұмыстарды қауіптілігі жоғары жұмыстар тізбесіне енгізу және оларды тек жауапты маманның басшылығымен жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылды.